19 шілде 2024 | 15:16

Әуежай мен IT қызметтерінде әлемдік деңгейде ақау шықты: министрлік мәлімдеме жасады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Әлемде Windows 10 операциялық жүйесі орнатылған құрылғылардың жұмысында ақау шықты. Цифрлық даму министрлігі бұл жағдай қазақстандық жүйелерге әсер етті ме, жоқ па жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлемде Windows 10 операциялық жүйесі орнатылған құрылғылардың жұмысында ақау шықты. Цифрлық даму министрлігі бұл жағдай қазақстандық жүйелерге әсер етті ме, жоқ па жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында аса маңызды инфрақұрылымдардың жұмысында ақаулар тіркелмегенін хабарлады.

"Бірқатар елде әуежайлар мен IT қызметтерінде Microsoft операциялық жүйесінің істен шығуына байланысты пайда болған ақауларға қатысты мынаны хабарлаймыз.

Қазіргі уақытта маңызды инфрақұрылымдар мен мемлекеттік IT қызметтерінің жұмысында ақаулар тіркелген жоқ. Ешқандай шағым түскен жоқ, барлық жүйе қалыпты жұмыс істеп тұр. Назар аударғаныңызға және сабыр сақтағандарыңызға рақмет", - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

Баспасөз қызметі мәліметінше, министрлік жағдайды бақылап отыр.

Айта кетейік, бүкіл әлемде телеарналар, әуежайлар мен банктер Windows операциялық жүйесі бар компьютерлердің кенеттен өшіп қалуына әкеліп соққан үлкен ақау нәтижесінде өшіп қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная