14 желтоқсан 2020 15:23

"Әуежай сатылымға шығарылады". Арқалық әкімдігі хабарламаға пікір білдірді

© swalker.org

Қостанай облысы Арқалық қаласындағы әуежайдың сатылымға шығарылуына қатысты қалалық әкімдік түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысы Арқалық қаласындағы әуежайдың сатылымға шығарылуына қатысты қалалық әкімдік түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдіктің мәліметінше, әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі бірнеше рет көтерілген. Алайда жаңа әуежайды салу және ұшып-қону жолағын қалпына келтіру үшін қомақты қаражат керек.

Реклама
Реклама

"Оны (ескі әуежай – ескерту) жөндеудің керегі жоқ. Онда барлығы ескірген. Жаңа әуежайды салу үшін орын табылады. Алайда қалаға бұл әуежай керек пе деген мәселе бар. Елорда және облыс орталығымен көлік, теміржол байланысы бар.

Жолаушылар легі де бар. Алайда барлығы билеттің бағасына келіп тіреледі. Біз бағаны 20 мың теңге деп қойсақ, пойыздың бағасы 4 мың теңге болса, айырмашылық бар ғой. Мұндай жағдайда бюджеттен субсидия бөлуге тура келеді. Біздің бюджет мұндай шығынды көтере алмайды", - дейді Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Дархан Хамзин.

Журналист сайтта нөмірі көрсетілген сатушыға телефон арқылы хабарласты. Ол жерге екі мемлекеттік акт (жанар-жағармай материалдары және әуежай) бар екенін атап өтті.

"Бұл - жеке меншік нысан. Жер аукцион арқылы алынған болуы керек. Алайда әуежай апат жағдайда тұр", - дейді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram