05 маусым 2023 | 14:15

"Әуежайларға мың домбырашы апарайық". Депутат Алматыдағы оқиға туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Айтыскер депутат Ринат Зайытов Астана мен Алматы әуежайларына әйгілі "Адай" күйін орындайтын мың домбырашы апаруды ұсынды. Жуырда оңтүстік астана әуежайында болған оқиғаға мәжілісмен осылай пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Айтыскер депутат Ринат Зайытов Астана мен Алматы әуежайларына әйгілі "Адай" күйін орындайтын мың домбырашы апаруды ұсынды. Жуырда оңтүстік астана әуежайында болған оқиғаға мәжілісмен осылай пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет сағатында депутат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүгінді.

"Домбыра ішінде бірде-бір металл жоқ. Онда қой ішегі мен ағаштан басқа ештеңе жоқ. Ұлттық аспаптың еш зияны жоқ", - деді мәжілісмен.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Зайытов әуекомпанияларына сәлем жолдап, ақын, халық жазушысы Қадыр Мырзалиевтің "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра" деген сөзін еске салды.

"Қазақтың 4-5 ұлттық аспабы бар. Ұшаққа кіргізуге рұқсат беріңіздерші. Ал бұдан кейін де рұқсат бермесе, Алматы мен Астананың әуежайларына кемінде мың домбырашы апарып, "Адай" күйін ойнап, жалынып сұрайық", - деді депутат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная