ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильмнің жаңа тизерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"8 қаңтарда сағат 21.45-те "Хабар" телеарнасының эфиріне "Штрихи к портрету" деректі фильмінің жалғасы шығады. Фильмнің үшінші сериясында саясат туралы сұрақ аз болады, сұрақтар жеке басына және бұрын белгісіз болып келген жайттарға қатысты қойылады", - деп жазды Айдос Үкібай Twitter желісінде.
"Штрихи к портрету" - Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жеке басына қатысты көрермен білмеген қырын ашып, Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған көпсериялық деректі фильм.
"Ұшқыш та, теңізші де болғым келді... Басшылық лауазымдағы қазақстандықтардан әуестенбеуді сұраймын", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев тизердің кадрында.
Фильм эксклюзив интервью негізінде түсірілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!