12 ақпан 2019 | 16:43

Әуезов университеті ауқымды жобаны қолға алды

Еліміздегі іргелі білім ұясы, отандық жоғары оқу орындары арасында үнемі үздік үштіктің қатарына көрініп келе жатқан Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Орта Азия елдерінде филиалдарын ашып, өңірлік жоғары білім берудің хабына айналуды көздеп отыр. Бұл туралы университеттің Баспасөз қызметі хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еліміздегі іргелі білім ұясы, отандық жоғары оқу орындары арасында үнемі үздік үштіктің қатарына көрініп келе жатқан Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Орта Азия елдерінде филиалдарын ашып, өңірлік жоғары білім берудің хабына айналуды көздеп отыр. Бұл туралы университеттің Баспасөз қызметі хабарлады. 

Оқу орнының алғашқы филиалы жаңа оқу жылынан бастап Өзбекстанда жұмысын бастамақ. Сондай-ақ екі өкілдік Ақтөбе мен Қарағанды қалаларында ашылады деп күтілуде.

Реклама
Реклама

Бұл - университет ректоры, академик Дария Қожамжарова бастаған делегацияның Өзбекстан астанасы Ташкент қаласына жасаған арнайы іс-сапар нәтижесінде белгілі болды. Сапар аясында қазақстандық делегация өкілдері Өзбекстан Республикасының Жоғары және орта арнаулы білім министрі Ином Маджидов және Өзбекстан ұлттық университетінің ректоры Аваз Марахимовпен кездесті.

Кездесуде Дария Пернешқызы білім ордасы турасында сөз қозғап, тараптар өзара қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған іс-шараларды дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар екіжақты кездесу барысында Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Өзбекстанда филиалын ашу жайы кеңінен талқыланды.

"Университет әлемнің 80 жоғары оқу орнымен, мекемелер мен ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық орнатқан. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания, Бел­гия, Аустрия, Франция, Үнді­с­тан, Испания, Венгрия, Поль­ша, Чехия, Норвегия, Жапо­­ния, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Малайзия, Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбек­стан мен Қырғызстанның іргелі оқу орындары бар. Мысалы, бүгінде Әуезов университеті Өзбекстанның 15 жоғары оқу орнымен әріптестік аясында жұмыс істеуде", - деді Қожамжарова.

Өз кезегінде өзбекстандық әріптестер екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы байланыстың арта түсетіндігіне сенім білдіріп, ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендігін жеткізді.

ОҚМУ ректоры Дария Қожамжарованың айтуынша, қазақстандық жоғары оқу орындарының арасында алғаш рет жүзеге асырылып отырған бұл бастама - 75 жылдық тарихы бар қарашаңырақтың басты стратегиялық бағдары.

"Біз ғылыми-инно­вацияның ғасырында өмір сүріп отырмыз. Бүгінде түрлі дең­гей­дегі оқу бағдарламалары бар. Оның барлығын жасайтын оқы­тушы-профессор құрамы. Менің стратегиялық жос­парым - ОҚМУ-дің Орта­лық Азияда филиалын ашу. "ХХІ ғасырда білім мен ғы­лы­­мын дамыта алмаған ел ты­­ғы­рық­қа тіреледі" деген қағи­­даны басты ұстанымы еткен Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев өзі­нің Жол­­дау­ларында техника­лық жəне кəсіптік білім жүйе­сін ба­рын­ша дамыту керектігіне жете мəн беріп келеді. Мемлекет басшысының бұл бастамасын нақты іске асыруға Әуезов университетінің толықтай мүмкіндігі бар", - деп атап өтті Дария Қожамжарова.

Оқу орнының басшысы университеттегі білім сапасын жақсарта түсу, материалдық-техникалық-базаны нығайту бағытында бірқатар ауқымды жоспар жасап отырғанын айтады. Бастық мақсат - ОҚМУ-ды Оксфорд, Кембридж сынды әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орны деңгейіне көтеру.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная