Ауғанстан президенті Елбасына телефон шалды

© akorda.kz

Елбасы Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

Елбасы Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әңгімелесу барысында Ауғанстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және коронавирус сырқатынан тезірек сауығып кетуін тіледі.

Тараптар өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Ашраф Ғани Қазақстанның Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қалпына келтіру және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі жүйелі іс-қимылдарын жоғары бағалады.

Реклама
Реклама

Елбасы Ауғанстан көшбасшысына жылы лебіздері үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді. 

Телефон арқылы сөйлесуге Ауғанстан тарапы бастамашы болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама