18 тамыз 2021 18:11

Ауғанстанда қанша этникалық қазақ бары айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

СІМ Ауғанстанда қанша этникалық қазақ бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

СІМ Ауғанстанда қанша этникалық қазақ бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің мәлімет бойынша, Ауғанстанда 15-ке жуық этникалық қазақ отбасы тұрады. Кейбір қазақстандық БАҚ Ауғанстанда он мыңдаған этникалық қазақ тұрады деген жалған ақпарат таратып жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды", - дейді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

"5 отбасы - бұл 200-ге жуық адам. Бұл біздің мәлімет бойынша. Дәлірек айтқанда нақты саны белгісіз. Шалғайдағы аудандарда біз білмейтін басқа отбасылар да болуы мүмкін, олар XIX ғасырда көшіп келген. Этникалық қазақ болғанымен, олардың Ауғанстан азаматы екенін ескеру қажет және оларды біздің елге көшіру үшін заңды процедуралар қажет", - деді Айбек Смадияров.

Реклама
Реклама

Департамент өкілінің айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және этникалық қазақтар тарихи отанына оралуы үшін барынша көмек көрсетуді тапсырған. Қазақстанның Кабулдағы елшілігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram