Ауғанстанда ұсталған содыр Атырау облысының тумасы болып шықты

Ауғанстанда ұсталған содыр Атырау облысының тумасы болып шықты Ұсталған Абдул Матин және Дамир Зналиев © Khaama Press

Ау?анстанда ?стал?ан ла?кесті? аты-ж?ні аны?талды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ауғанстанда ұсталған лаңкестің аты-жөні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2017 жылдың 19 қаңтарында Ауғанстанның Сари-Пуль провинциясында ұсталған содыр Атырау облысының тумасы екені анықталды. Мұның алдында ҚР Сыртқы істер министрлігі оны Қазақстанның сұрауы бойынша Интерполдың іздестіргенін хабарлаған еді. 

"Жергілікті құқық қорғау органдары терроризм бойынша күдікті Қазақстан азаматын ұстады. Зналиев Дамир Амангелдіұлы 1989 жылы Атырау облысында дүниеге келген", -  дейді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

Реклама
Реклама

Мұның алдында Ауғанстанның солтүстігінде екі содырдың ұсталғаны хабарланған. БАҚ ақпараты бойынша, олар Қазақстан мен Өзбекстан тумалары. Содырлардың аты-жөні Демир Зенлийов және Абдул Матин деп айтылған. Оларды ұстау кезінде ауғанстандық төрт тәліп мерт болған. Тағы бір ауғанстандық жараланып, қазір қамауда жатыр. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама