ПОДЕЛИТЬСЯ
25 маусым 2019 | 21:26
Әулиеатадан арысқа гуманитарлық көмектің алғашқы легі аттанды
"Нұр отан" партиясының жалпы республикалық "Арыс. Бірге біргеміз!" акциясы аясында Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты Жамбыл облысынан гуманитарлық көмектің алғашқы легі аттанды. Қазіргі уақытта жалпы құны 8 млн теңгеден аса қаржы көлемін құрайтын 40 тонна азық түлік тиеліп, одан бөлек 60 тонна құрылыс материалдары жөнелтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Анықтап айтқанда, 10 тонна ұн, 10 тонна қант, 18 мың дана құс жұмыртқасы, 1,5 тонна тауық еті, 350 келі шұжық өнімдері, 1 тонна сүт өнімдері, 200 келі макарон өнімдері, 1 тонна өсімдік майы, 400 келі печенье, 700 келі қияр және 1000 дана бөлке нан дайындалды.
Сонымен қатар, Арыс қаласына медициналық қызмет көрсету мақсатында арнайы 4 бригада жіберілді. 2,2 млн теңге қаражат көлемінде қажетті дәрі-дәрмек бөлінді.
Күні кеше Оңтүстік өңірді бетке алған жолаушылар пойыздары оқыс оқиғаға байланысты Тараз қаласының теміржол бекетінде уақытша тоқтатылды. Дегенмен, Жамбыл облысының басшылығы қоғамдық көліктерді (автобустар) дайындап, діттеген мекеніне асыққан азаматтар үшін бар жағдайды жасауда. Қазірге дейін 500-ге жуық жолаушы осындай көлік түрлерімен Шымкент, Қызылорда бағыттарына жол тартты.
Сондай-ақ, аймақ басшысының тікелей тапсырмасымен Арыс қаласынан Таразға келген жұртшылыққа жатын орын, ас су, медициналық көмек көрсетілуде. Мешітке келген елге қолайлы болуы үшін өз алдына жатақхана ұйымдастырылды. Айта кетейік, әзірге Жамбылға Арыстан келген ағайын саны 108. Оның 69 ересек қалғаны балалар. Олар жайлы орындарға жайғастырылып жатыр.
Жалпы Жамбыл облысында көмек көрсету шаралары жалғасын табуда. Алдағы уақытта тосыннан келген апаттан зардап шеккен халыққа 180 тоннадан аса гуманитарлық көмек жолданбақ.
Показать комментарии
Читайте также