"Ауруханадан күніне 60 мәйіт шығарылады". Ақтөбеде хабарлама авторы іздестіріліп жатыр

©REUTERS

Ақтөбе облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов тубдиспансерде күніне 50-60 науқас қайтыс болып жатыр деген хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әлеуметтік желілерді бақылау барысында WhatsApp мессенжерінде күн сайын туберкулез ауруханасынан 50-60 мәйіт шығатыны туралы ақпарат таратылғаны анықталды. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Хабарлама авторын анықтау мақсатында іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деді Нұрмағамбетов.

Департаменттегілер жалған ақпарат тез тарайтынын, салдарынан үрей туғызып, халыққа психологиялық зақым келтіретінін айтады.

Реклама
Реклама

"Жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодексінің 274-бабы ("Көрінеу жалған ақпаратты таратқан") бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Осы бап бойынша шындыққа сәйкес келмейтін интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілердегі ақпарат авторлары мен таратушылар жауапқа тартылады", - деді Нұрмағамбетов.ка

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама