ПОДЕЛИТЬСЯ
19 шілде 2021 | 17:12
Ауруханалардың жабдықталуына әкімдер жауапты болуы керек - Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жұқтырғандарға арналған ауруханалардың жабдықталуына өңір әкімдері жауапты болуы керек деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жұқтырғандарға арналған ауруханалардың жабдықталуына өңір әкімдері жауапты болуы керек деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердегі медициналық мекемелер тапсырмасы бойынша тексерілгенін айтты. Нәтиже көңіл көншітпейді, деді Тоқаев. Стандарттарға жаңадан салынған инфекция орталықтары ғана сәйкес келген.
"Жедел жәрдем қажетті жабдықсыз келетін жағдайлар жиі кездеседі. Нәтижесінде мамандар науқасты құтқаруға уақытын жоғалтады. Анықталған деректерге қарамастан, өңірлер ауыр науқастарды емдеуге арналған бөлімшелер жоғары деңгейде жабдықталғаны туралы есеп беруді жалғастырып жатыр.
Бұл әкімдіктер мен Үкімет тарапынан бақылау жоқтығын немесе жағдайды көркейту ниетін білдіреді. Мұндай жағдайға жол берілмейді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол қысқа мерзімде ковид ауруханалары мен жедел жәрдем қызметін хаттамаларға сәйкес, барлық шығын материалына дейін толық жабдықтауды тапсырды.
"Дербес жауапкершілік өңір әкімдеріне бекітілуі тиіс", - деді Президент.
Мемлекет басшысы медициналық көмекке қол жетімділіктің төмендегенін де айтты. Оның айтуынша, бұл ана өлімінің көбеюіне, қан айналымы жүйесі ауруларынан және басқа да аурудан болатын өлім-жітім көрсетікішінің артуына әсер етеді.
"Ауруханалардағы төсек-орынды қайта бейіндеуді ескере отырып, жоспарлы операцияларды жүргізу үшін уақыт жоқ. Нәтижесінде дамыған патологиясы бар пациенттердің саны артып, өлім-жітім артады.
Пандемия жағдайында медициналық көмектің барлық бағыты бойынша медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды. Әсіресе, ұлттық екпе күнтізбесі аясында уақытылы егу маңызды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы карантин шектеулерін сақтамағаны үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды. Сондай-ақ, ол Қазақстанның кейбір өңірінде коронавирусқа қарсы вакцина дұрыс сақтамағанын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также