ПОДЕЛИТЬСЯ
03 тамыз 2021 | 10:41
Аурушаңдық айтарлықтай артты: Мамин әкімдерге, ІІМ мен ДСМ-ге тапсырма берді
Премьер-министр Асқар Мамин әкімдерге, ІІМ мен Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Премьер-министр Асқар Мамин әкімдерге, ІІМ мен Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет басшысы "дельта" штамының таралуына байланысты өңірлердегі эпидемиологиялық жағдай нашарлағанын айтты. Республика бойынша аурушаңдық айтарлықтай артқан.
"Аурухана төсектері 56 пайыз, реанимациялық төсектер 44 пайызға толған. Пандемиядан шығудың жалғыз жолы - вакцинация. Бірінші компонентпен 5,5 миллионнан аса адам егілді, екінші компонентпен 4 миллионнан аса адам егілді. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет", - деді премьер-министр Үкімет отырысында.
Сонымен қатар, ол Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия алдын алу шараларын қабылдап жатқанын айтты.
"Барлық өңірде ағымдағы жылдың 2 тамызынан бастап күшейтілген шектеу шаралары күшіне енді. Қабылданған барлық карантин талаптың қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет. Бүгінде Ashyq жобасы бизнеске карантин жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Өңір әкімдері мен Денсаулық сақтау министрлігі барлық аурухана, бастапқы пункттер, мобильді бригадалар, ПТР–зертханалардың үздіксіз жұмыс істеуін, дәрі-дәрмектер мен қорғау құралдарының болуын қамтамасыз етуі қажет.
Сондай-ақ, ІІМ мен Денсаулық сақтау министрлігі мониторингтік топтардың санитариялық-эпидемиялық нормалардың бұзылуын бақылау және анықтау бөлігіндегі жұмысын күшейтсін. Ералы Лұқпанұлы (Тоғжанов - премьер-министрдің орынбасары), сіз жалпы бақылауға аласыз", - деп тапсырды Мамин.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также