28 наурыз 2023 | 10:18

"Ауыл" партиясы Мәжіліске өткен депутаттар тізімін ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

"Ауыл" партиясы Мәжіліске өткен депутаттар тізімін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Ауыл" партиясы Мәжіліске өткен депутаттар тізімін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

27 наурызда "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Саяси кеңесі төралқасының отырысы өткені хабарланды. Онда "Сайлау туралы" конституциялық заңның 97-1-бабы 5-тармағына және партия жарғысының 44-тармағына сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындылары бойынша алынған 8 депутаттық мандат бөлінген.

Осылайша, "Ауыл" ХДПП Саяси кеңесі Президиумының бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша мынадай құрам бекітілді:

Реклама
Реклама

1. Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы, партия мүшесі, "Ауыл" ХДПП төрағасының орынбасары, Қазақстан фермерлері қауымдастығы басқармасының төрағасы.

2. Егізбаев Серік Рахметоллаұлы, партия мүшесі, бұрынғы ауыл шаруашылығы, ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі.

3. Абден Қарақат Жақсылыққызы, партия мүшесі, "Қазақ қызы" ҚБ президенті (әйелдер квотасы бойынша)

4. Баққожаев Анас Ахатұлы, партия мүшесі, "Ауыл" ХДПП төрағасының орынбасары

5. Саурықов Ерболат Байұзақұлы, партия мүшесі, "Ауыл" ХДПП Жамбыл облысы бойынша облыстық филиалының төрағасы, Мұртаза атындағы Тараз халықаралық инновациялық институтының президенті.

6. Арсютин Николай Геннадьевич, партия мүшесі, "Ауыл" ХДПП төрағасының орынбасары.

7. Зейнуллин Аян Талғатұлы, партия мүшесі, "СПК Астана" АҚ өндірістік директоры (жастар квотасы бойынша).

8. Серіков Таңсәуле Ғабдыманапұлы, партия мүшесі, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ оқытушысы (инклюзивті қоғам өкілдеріне арналған квотаға сәйкес).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная