22 ақпан 2023 | 12:44

Ауыл шаруашылығы министрі дүкендердегі пияздың қазіргі бағасын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев Қазақстандағы пиязға қатысты жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев Қазақстандағы пиязға қатысты жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Пиязға келетін болсақ, біз былтыр 1,2 миллион тонна өнім алдық, оның бір миллионын Жамбыл облысында жинадық. Бізде тек тұтынуға арналған 300 мың тонна бар. Әрине, экспорттық әлеуетті арттыруға да болады, бірақ ең бастысы ішкі нарықты осы көлемнен қамтамасыз ету керек", - деді Қарашүкеев Үкімет отырысында.

Ол пиязға қатысты жағдайдың тұрақтанғанын, республика бойынша қор 70 мың тоннаға жуық екенін, оның 30 мыңнан астамы Жамбыл облысында екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Жамбыл облысында көтерме баға келісіне 200 теңге, Астанада 260-300 теңге. Дүкендерде пияздың қандай түріне, қандай бағамен әкелгеніне байланысты 300-360 теңге. Баға қазір тұрақтанды. Біз жағдайды бақылаудамыз. Биыл егіс жеткілікті, пиязсыз қалмаймыз", - деп түйіндеді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная