Ауыл тұрғыны көшеге темекі тұқылын лақтырғаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылды

Ауыл тұрғыны көшеге темекі тұқылын лақтырғаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылды depositphotos.com

Маңғыстау облысы Шетпе ауылының тұрғыны қоғамдық орынды ластағаны үшін жаза ретінде қоғамдық жұмыстарға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы Шетпе ауылының тұрғыны қоғамдық орынды ластағаны үшін жаза ретінде қоғамдық жұмыстарға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы 1-бөлігі (ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау) бойынша әкімшілік құқы бұзушылық туралы іс Маңғыстау аудандық сотында қаралды.

Бұл баптың санкциясында 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 40 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген.

Жарнама
Жарнама

Сот мәліметінше, 26 сәуірде ер адам орталық көшедегі полиция ғимаратының тура алдына темекі тұқылын тастаған. Сот қаулысымен О. есімді адам кінәлі деп танылып, оған 40 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама