30 желтоқсан 2024 | 10:02

Ауыр қылмыс жасады деген күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

видео кадры

Өлімге әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіру қылмысына күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өлімге әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіру қылмысына күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіргені үшін Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялаған.

"Күдікті 2021 жылғы наурызда тағы да жеке тұлғаға қарсы ауыр қылмыс жасаған. Атап айтқанда, күдікті Қостанайдағы жәбірленушінің пәтерінде бірге алкогольдік ішімдік ішу кезінде өзара араздық салдарынан жәбірленушінің басы мен денесіне көптеген жасаған соққылар салдарынан жәбірленуші қайтыс болды.

Жауаптылықтан құтылғысы келген күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Күдікті іздеуде жүргенде Ресей аумағында қарақшылық шабуыл жасап, сол үшін Ресей сотымен сотталған.

"Көрші мемлекетте жазасын өтегеннен кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланып, қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды".

Жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені үшін 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная