Авария мен апаттар кезінде шұғыл шақырту жүйесі Қазақстанда 2017 жылдан бастап іске қосылады

Авария мен апаттар кезінде ш??ыл ша?ырту (ААШШ) ?аза?станды? ж?йесі пилотты? режимдегі т?жірибелік пайдалану?а 2017 жылды? басынан беріледі. ААШШ автоматтандырыл?ан а?паратты? ж?йесі автотранспорт ??ралында орнатыл?ан борт терминалдардан келетін авариялар туралы сигналдарды ?абылдап, оларды ?аза?станны? барлы? облыстарына орта? біры??ай кезекшілік-диспетчерлік ("112" БКД?") ?ызметіне жіберетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?аз?арышты? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Авария мен апаттар кезінде шұғыл шақырту (ААШШ) қазақстандық жүйесі пилоттық режимдегі тәжірибелік пайдалануға 2017 жылдың басынан беріледі. ААШШ автоматтандырылған ақпараттық жүйесі автотранспорт құралында орнатылған борт терминалдардан келетін авариялар туралы сигналдарды қабылдап, оларды Қазақстанның барлық облыстарына ортақ бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік ("112" БКДҚ") қызметіне жіберетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазғарыштың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Өз кезегінде, ААШШ жүйесінің "112" БКДҚ" арнайы оқытылған операторы электрондық картасынан нақты координаторларын анықтап, жүргізушіден дыбыс байланысы арқылы керекті мәліметтерді сұрап білгеннен соң, алынған ақпаратты жедел пысықтап, оны жедел қызметтеріне (жедел жәрдем, ЖПҚ) жібереді.

ААШШ жүйесінің виртуалды ұялы операторының құрылуына дейін борт терминалдардан келетін мәліметтерін жіберу функциясын Қазақстан Республикасы аумағының максималды қамтылуын қамтамасыз ететін қазақстандық ұялы байланыс операторы атқаратынын атап кеткен жөн.

Реклама
Реклама

2017-2019 жылдары жұмыстары аппараттық құралдарын сатып алу, ААШШ жүйесінің виртуалды ұялы операторын құру, сондай-ақ "ЭРА-ГЛОНАСС", "ЭРА-РБ" жүйелерімен және жол-көлік оқиғалары туралы төтенше қызметтерді жедел хабарландыруға арналған "eCall" еуропалық кешенді автокөлік жүйесімен үйлесуін қамтиды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама