24 қыркүйек 2022 15:53

"Аватар" фильмі қазақ тіліне аударылды

elements.envato.com

"Аватар" фильмі 25 қыркүйектен бастап кинотеатрларда қазақ тілінде көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Аватар" фильмі 25 қыркүйектен бастап кинотеатрларда қазақ тілінде көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстандық шығармашылық дубляж тобы фильм мәтінін қазақ тіліне аудару, оның локализациясы және дыбыстау бойынша сапалы жұмыс атқарды", - деп жазды ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-парақшасында.

Министр "Аватар: Су жолы" кейінгі онжылдықтың ең айтулы фильм болатынын айтты. Оның қазақ тіліндегі премьерасы 16 желтоқсанда өтеді.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол MARVEL әлемінің "Қара пантера: мәңгі Ваканда" фильмін де қазақ тіліне дубляждалатынын айтты. Фильмнің премьерасы 10 қарашаға жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram