Авиация әкімшілігі Qazaq Air компаниясына тексеріс бастады

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясының жоспарлы инспекциясын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясының жоспарлы инспекциясын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әуе компанияның ұшуды пайдалану, ұшуға жарамдылығы және медициналық саладағы, сондай-ақ лицензиялар мен сертификаттар беру бойынша қызметі тексерілетін болады. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жылына кемінде бір рет әуе кемелерін пайдаланушыларға инспекция жүргізеді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 12 ақпанда Алматы әуежайында Qazaq Air ұшағының шассиі жарылды. Осыған байланысты ҚР ИИДМ Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тексеріс жүргізетінін хабарлаған болатын.

Реклама
Реклама

Кейін шассиі жарылған Qazaq Air ұшағының командирі оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама