ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 18 қыркүйек 2024 14:24
Автобус жер астына түсіп кеткен: “Майқайыңалтын“ қызметкерлері ұсталды
Автобуспен ескі шахтаға құлаған төрт тау-кен құтқарушысының қаза болуы туралы іс бойынша "Майқайыңалтын" АҚ қызметкерлері қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Күдіктілер тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық іске тартылды. Кәсіпорынның алты қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Павлодар облысының полициясы тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында "Майқайыңалтын" АҚ-ның алты жауапты қызметкері ұсталып, Павлодар ПБ УҰИ-ға қамауға алынды", - деп түсіндірді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу жалғасып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу