07 шілде 2024 16:13

Автобус жер астына түсіп кеткен: Майқайыңдағы іздеу жұмыстары туралы айтылды

"Майқайың алтын" АҚ

"Майқайың алтын" АҚ аумағында қаңтарда ескі шахтаға автобуспен бірге құлаған құтқарушыларды іздеу жұмыстары жанданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Майқайың алтын" АҚ аумағында қаңтарда ескі шахтаға автобуспен бірге құлаған құтқарушыларды іздеу жұмыстары жанданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәсіпорын өкілдері іздеу жұмыстары күн сайын жүргізілетінін мәлімдеді.

"28 маусымда кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабымен бірлесіп, іздеу жұмыстары басталды. Іздеу жұмыстары күндізгі уақытта таңғы 05:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Жұмысты 7 шілдеде аяқтау жоспарланып отыр, қажет болған жағдайда мерзімі ұзартылады", - деді "Майқайың алтын" АҚ өкілдері.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, кәсіпорын өкілдері кестеге сәйкес дайындық жұмыстары жасалғанын айтты.

Жұмыстарға бульдозер мен екі экскаватор тартылған.

"Майқайың алтын" АҚ өкілдері жұмыс орнынан суреттер жолдаған. Кадрларда ағаш қалдықтары, жыртылған құжаттар көрінеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram