31 шілде 2024 | 09:41

Автобус жер астына түсіп кетті: сот "Майқайыңалтынның" кінәсін растады

Фото: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 16 сәуірдегі шешімін (арнайы тергеу актісінің бөлігін заңсыз деп тану және күшін жою туралы) өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 16 сәуірдегі шешімін (арнайы тергеу актісінің бөлігін заңсыз деп тану және күшін жою туралы) өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылғы 4 қаңтарда "Майқайыңалтын" АҚ Майқайың жерасты кенішінің аумағында "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС қызметкерлерімен автобус тазарту кеңістігіне түсіп, салдарынан 4 құтқарушы қаза тапты.

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының 2024 жылғы 4 қаңтардағы бұйрығымен құрылған комиссия өліммен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеруді жүргізді, топтық жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру актісін (актіні) жасады.

Реклама
Реклама

Жазатайым оқиға жұмыс уақытында "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС қызметкерлерінің еңбек міндеттерін орындау кезінде болды.

Актімен жұмыс берушінің кінәсі 100% анықталды (актінің 6.3-тармағында көрсетілген жауапты тұлғалардың әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) туындаған жазатайым оқиғаның себептерін негізге ала отырып).

"Майқайыңалтын" АҚ орын алған жазатайым оқиғада өзінің кінәсін жоққа шығарып, бұл актіні даулады.

Сотта жазатайым оқиға "Майқайыңалтын" қауіпті өндірістік объектісінде технологиялық жолдың жоғарғы қабатының шахтаның тазарту кеңістігіне құлауы және "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС құтқарушыларымен бірге автобустың құлауы салдарынан орын алғаны анықталды.

"Соттар комиссия актіде "Майқайыңалтын" АҚ-ның 100% кінәсін негізді түрде көрсетті деген қорытындыға келді, өйткені болған жазатайым оқиға талапкердің өндірістік қызметімен тікелей байланысты. Соттардың қорытындылары сотта зерттелген тергеу материалдарымен, оның ішінде сараптама ұйымдарының қорытындыларымен расталды. Елорда соттары арнайы тергеу актісінің даулы қорытындылары заңды және негізді деп тапты, ал "Майқайыңалтын" АҚ-ның талабын қанағаттандырудан бас тартылды", - делінген хабарламада.

Жергілікті соттардың сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная