31 мамыр 2021 | 12:12

Автобус жолағымен жүруге рұқсат беру: ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

Фото:astana.gov.kz

ІІМ қазақстандық жүргізушілерге кептелістен тыс уақытта қоғамдық көліктерге арналған жолақтармен (Bus Lane) жүру мәселесі бойынша үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ қазақстандық жүргізушілерге кептелістен тыс уақытта қоғамдық көліктерге арналған жолақтармен (Bus Lane) жүру мәселесі бойынша үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қоғамдық көлікке арналған жолақтағы автомобильдердің қозғалысы мәселесі. Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдар қалаларда автомобиль ағынын тиімді құру, оның ішінде автомобильдердің қарбалас сағаттардан тыс және демалыс күндері арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мүмкіндігін зерделей отырып, мәселелерді пысықтап жатыр. Ішкі істер министрлігі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган ретінде жол қозғалысы ережелеріне ықтимал түзетулерді алдын ала дайындады", - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз ведомствоның баспасөз мәслихатында.

Жоба "Ашық НҚА" ақпарат порталына талқыға жарияланды.

Реклама
Реклама

"Елді мекендерде жол қозғалысын ұйымдастыруға және көше-жол желісін басқаруға заң жүзінде жауапты саналатын жергілікті атқарушы органдар көшелердің жалпы жүктемесін, қозғалыс қарқындылығын және қоғамдық көлікке арналған жолақтардың өткізу қабілетін, оның ішінде тиісті сараптамалар негізінде талдайды.

Барлық жиналған материал, оның ішінде жария талқылау, халықаралық тәжірибені зерттеу нәтижелері, автомобиль жолдары, көлік және тасымалдау саласындағы мемлекеттік және ғылыми-техникалық саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне енгізіледі", - деді Нұрділдә Ораз.

ІІМ өкілі заңнамаға тиісті түзетулер жинаған материалдарың орындылығы мен талдау нәтижесіне қарай, жұртшылықтың пікірі ескеріле отырып қабылданатынын мәлімдеді.

Еске салайық, 22 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдерге автобус жолақтарын демалыс күндері мен кептеліс кезінде пайдалану мәселесін шешуді тапсырған болатын. Ол мұндай тәжірибе Мәскеуде, Ыстамбұлда және Парижде жиі кездесетінін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная