Автобус жүргізушілерінің "ОҢАЙ" билеттерімен қандай қулықтар жасап жүргені белгілі болды

Алматы ?аласы К?лік холдингіні? ?кілдері автобус ж?ргізушілеріні? бір реттік жол а?ысын алатын кезде "О?АЙ" билеттерін ?андай ??йтыр?ы ?рекеттерді ?олданатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кейбір ж?ргізушілер жолаушылардан а?шаны ?з ?алтасына салып ж?р екен. Ал б?л ?з кезегінде автопаркті миллионда?ан шы?ын?а ?шыратын жатыр-мыс. 

Алматы қаласы Көлік холдингінің өкілдері автобус жүргізушілерінің бір реттік жол ақысын алатын кезде "ОҢАЙ" билеттерін қандай құйтырқы әрекеттерді қолданатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кейбір жүргізушілер жолаушылардан ақшаны өз қалтасына салып жүр екен. Ал бұл өз кезегінде автопаркті миллиондаған шығынға ұшыратын жатыр-мыс. 

Сол құйтырқы әрекеттердің ең көп таралғаны - бос билет. Жүргізуші немесе кондуктор мәлімет жазылмаған бос қағазды (уақыты, жол жүру уақыты, бағыты нөмірі, мемлекеттік нөмірі, құны) ұялы терминалдан алып, жолаушыларға береді екен.

Сонымен қатар, жүргізушілер жолаушыларды алдап соғу үшін "ОҢАЙ" билетінің жартысын береді, яғни жүргізуші бір билетті екі жолаушыға береді, ал біреуінің ақысын өз қалтасына салады.

Реклама
Реклама

Ал кейде жүргізушілердің жолаушылардан қолданылған "ОҢАЙ" билеттерін жинап алып, оларды басқа жолаушыларға қайта сатқан жағдайлары тіркеліпті.  

Көлік холдингіндегілер жолаушылардан осындай жағдайдың куәсі болса 8 (727) 397 01 91 нөміріне хабарласып, оқиғаны, сонымен қатар бағыт нөмірі мен көліктің мемлекеттік нөмірін айтуды сұрап отыр. Сондай-ақ, "ОҢАЙ" картасы арқылы төлем жасап, жолаушыға төлемей-ақ қою кеңес етіліп отыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама