22 тамыз 2019 | 09:11

Автобуста аяғын сындырған алматылық қыз өтемақысын әлі ала алмай жүр

Мереке Сұраншиева. © ktk.kz

Автобуста аяғын сындырған алматылық Мереке Сұраншиева өтемақыға қол жеткізе алмай жүр, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Автобуста аяғын сындырған алматылық Мереке Сұраншиева өтемақыға қол жеткізе алмай жүр, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Мереке Сұраншиева мамыр айынан бері еңбекке жарамсыз. Ал әкімдіктегілер зардап шеккен келіншек өтемақы төлеуге тиісті құжаттарды әлі өткізбегенін алға тартады. Телеарнадағылардың айтуынша, толықтай айығып кету үшін кемі 1 жылдай күтім қажет.

Реклама
Реклама

"Қазір аяғым 90 пайызға бүгіліп тұр. Одан артық бүгілмейді. Массаж керек дейді. Осыдан 1 апта бұрын ауруханаға барып қаралдық. 10 күн массаж жасатуға, емдеуге 170 мыңдай қажет екен. Ол тек қана емге. Одан бөлек анализ, терапевт бар. Оларды есептеген жоқ. 8 айдан соң қайтадан темірін алады. Қазір темірмен жүрмін. 4 айдан бері үйде жатырмын. Ешқандай жұмыс істеген жоқпын. Несием ол тұр бәрі жиналып", - дейді зардап шеккен Сұраншиева.

Автопарк басшылығы зардап шегушінің базынасын негізсіз дейді. Жолға жауапты мердігер компания істі сотқа жеткізбей автопаркке 900 мың теңге өтемақы төлеген. Ал апатқа ұшыраған автобустың құны -  45 миллион теңге.

"Автопарк тарапынан ешқандай көмек көрсеткен жоқпыз. Өйткені өзіміз жәбірленуші болып саналамыз. Жәбірленуші ретінде бізге Медеу аудандық әкімдігі, жолаушылар көлігі басқармасы, солардың мердігер компаниясы "Есік жолдары" ЖШС шығынды өтеп берді", - дейді "Авто Алма Транс" ЖШС заңгері.

Телеарнаның мәліметінше, толықтай жөнделген қоғамдық көлік қазір жолаушылар тасымалдап жүр. 

Еске салайық, биыл мамырда автобус жауын суы ағатын құдыққа түсіп кетіп, бетіндегі темір қақпақ көліктің еденін тесіп өткен еді. Сол кезде алматылық жолаушының аяғы сынған. Медеу ауданындағы сол арықтарға "Есік жолдары" серіктестігі жауапты екені белгілі болды. Қалалық мобильдік басқармасы мамандарының пікірінше, өтемақының уақтылы берілмеуіне зардап шегушінің өзі кінәлі. Өйткені Мереке Сұраншиеваның қорғаушысы ешбір құжат өткізбеген дейді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная