Автобустарда қолма-қол ақша төлеу алып тасталса да алматылықтар жүргізушілерге төлеуін қояр емес

© Василина Атоянц

Автобустарда қолма-қол ақша төлеу алып тасталса да алматылықтар жүргізушілерге төлеуін қояр емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған дейін Алматы билігі қоғамдық көліктерде жүру ақысын қолма-қол ақшамен төлеу 11 қаңтардан бастап алып тасталады деген шешім шығарған еді.

Жүргізілген рейд кезінде автобустардың екі төлем терминалымен жабдықталғаны белгілі болды. Бастапқыда кейбір автобуста қолма-қол төлем 11 қаңтардан басталатынын сылтауратып, төлем жасау аппаратын өшірсе, енді терминалдар жұмыс істеп, ескі валидаторлар жойылды. 

Реклама
Реклама

Алайда кейбір жолаушылар "Оңай" картасын әлі де алмаған, тіпті 11 қаңтардан бастап қолма-қол төлем жасауға болмайтынын білмейтіндер де бар болып шықты, сондықтар жолаушылар әлі күнге төлемді жүргізуге беріп, одан ақ қағаз алып жүр.

"Тұлпар-ОІҚ" ЖШС автопаркі қызмет көрсететін № 65 маршрутта жолақы алып тұрған кондукторлар бар. Ал "Оңай" терминалдары жұмыс істеп тұрды.  

 №34, 118, 120, 58 маршруттарында жүргізушілер көлік картасын уақытылы толтырмаған жолаушылардан ақша алып отырды. Жүргізген рейдіміздің барысында бірде-бір тексеруші болмады. Ал аялдама маңындағы дүңгіршіктерде әлі күнге "Оңай" картасын сатып алу мүмкін болмай отыр.


© Василина Атоянц

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама