ПОДЕЛИТЬСЯ
25 наурыз 2022 | 09:00
Автокөлік иесінің қалауы бойынша жасалатын көлік нөмірінің құны қанша болады?
"Әдемі" нөмірден басқа, кез келген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін дайындауға арналған баж мөлшерлемелері Салық кодексінде жазылады, - деп хабарлайды Kolesa.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Әдемі" нөмірден басқа, кез келген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін дайындауға арналған баж мөлшерлемелері Салық кодексінде жазылады, - деп хабарлайды Kolesa.kz.
Полицейлер мемлекеттік нөмірді автокөлік иесінің қалауы бойынша дайындауды полицейлер бұрыннан уәде беріп жүрген. Енді Салық кодексіне жаңа норма енгізілді, яғни автокөлікке цифрлық және (немесе) әріптік белгілеудің (бірдей әріптік белгілеуді және цифрлық белгілеудің мемлекеттік тіркеу белгілерін қоспағанда 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 707, 777, 800, 888, 900, 999) тапсырысқа қажет кез келген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындауға арналған мемлекеттік баж мөлшерін белгілейді.
Салық кодексіне түзетулер 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Жобада бұл қызмет автокөлік иесіне 15 АЕК (2022 жылы - 45 945 теңге) тұратыны көрсетіледі. Автокөлікті тіркеу ережелеріне толықтырулар әзірленіп жатыр, бірақ басылым мәліметінше, оларды ұзақ күтуге тура келмейді.
Сондай-ақ, егер заң бойынша Қазақстанда мемлекеттік нөмірлердің телнұсқаларын дайындау 5-тен 15 күнге дейін уақытты алатын болса, онда тапсырысқа арналған кез келген МТНБ-ны одан ұзақ жасамауды міндеттеуге тиіс деген қорытынды жасайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также