Автокөлік тарихын қалай тексеруге болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрация: polisia.kz

"Автокөлік тарихы" сервисі іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар екі миллионнан аса көлік құралын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Автокөлік тарихы" сервисі іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар екі миллионнан аса көлік құралын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ пайдаланылған көлікті сатып алмас бұрын оны тексеру керек екенін ескертеді. Бұған немқұрайды қарауға болмайды, өйткені ол көптеген проблемадан сақтайды, сондай-ақ автокөліктің болашақ иесіне қосымша ақпарат береді.

Реклама
Реклама

Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге болады. Ішкі істер министрлігі іске қосқан "автокөлік тарихы" қызметі азаматтарға автокөлік сатып алғанда оның тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді:

  • автокөліктің Қазақстанда алғашқы тіркелу күнін;
  • бұрынғы иелерінің санын;
  • кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын, сонымен қатар басқа да мәліметтерді көре алады.

Қазіргі уақытта қызмет Smart Bridge-де орналасқан. Сервис "102" және Halyk Bank, Bereke Bank, CenterCredit, ForteBank мобильді қосымшаларында, сондай-ақ Aster.kz сайтында қолжетімді.

ІІМ "автокөлік тарихына" "бірыңғай сақтандыру деректер базасын" қосуды жоспарлап отыр. Бұл көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама