Ай сайын 60 пайыз табыс уәде еткен: Шымкентте қаржылық алаяқтық әшкере болды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

ҚМА Шымкент бойынша департаменті Ansar Gold қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА Шымкент бойынша департаменті Ansar Gold қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға 5 ай ішінде салынған қаражаттың 40-60 пайызы көлемінде ай сайын табыс түсетінін және негізгі капитал сақталатынына кепілдік берілетінін айтқан.

Алайда іс жүзінде төлемдер тауар сатудан түскен табыстан емес, жаңа қатысушылардың салымдары есебінен берілген.

Реклама
Реклама

"Бұл қаржы пирамидасына 200-ден аса адам тартылып, 400 млн теңгеден аса қаражат салынған. Сонымен қатар, күдіктілер өздерінің туыстарын "дроп" ретінде тартып, басқа қатысушылардан түскен ақшаны қолма-қол шешу үшін олардың банк карталарын пайдаланған", - деп жазылған хабарламада.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы қамауға алынды. Оған тиесілі көлік пен тұрғын үйге шектеу қойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама