17 қаңтар 2023 | 09:27

Аяз. 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Синоптиктер 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Солтүстік-батыс антициклоны әсер ететіндіктен еліміздің барлық аймағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың шығысында атмосфералық фронтальды ағындардың өтуімен қар жауады, жел күшейіп, боран соғады", - делінген хабарламада.

Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен республиканың оңтүстігінде тұман болады.

Реклама
Реклама

Түнде солтүстікте, шығыста, Жетісу облысы мен Алматы облысының таулы аудандарында 25-26 градус қатты аяз сақталады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Батыстан соғатын жел секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -20-22, күндіз -11-13 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -15-17, күндіз -5-7 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -15-17, күндіз -5-7 градус болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная