ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қазан 2023 | 09:02
Аяз және қар: 10 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 10 қазанда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет 10 қазанда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 20-22 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 23-25 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 26-28 градус жылы.
Таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауады. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 17-22, облыстың батысы мен солтүстігінде 14 градус жылы.
Алматы облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 9-14, күндіз облыстың батысы мен шығысында екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың таулы аудандарында 0-5, күндіз 22-27, облыстың таулы аудандарында 12-17 градус жылы.
Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, Алакөл ауданында 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың шығысында 11, күндіз 22-27, облыстың таулы аймақтарында 18 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың шығысында 3 градус жылы, күндіз 5-10 градус жылы.
Түнде Маңғыстау облысының оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауады. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде және солтүстік-шығысында құмды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр, түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні секундына 23 метр, күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың шығысында 7, күндіз 13-18, облыстың солтүстік-шығысында 10 градус жылы.
Ақтөбе облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 5-10, облыстың оңтүстігінде 13 градус жылы.
Түнде басым бөлігінде жауын-шашын, Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады. Оңтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде басым бөлігінде 15-20, облыстың шығысында екпіні секундына 23 метр, күндіз 9-14, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың оңтүстігінде 12, күндіз 7-12, облыстың оңтүстігінде 17 градус жылы.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 9-14, күндіз облыстың батысында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 6-11, күндіз 20-25 градус жылы.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз батыстан соғады, облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 4-9, облыстың оңтүстігінде 12, күндіз 17-22.
Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 21-26 градус жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также