Аяз, қар, боран: 15 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Аяз, қар, боран: 15 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы төмендейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы күндері Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы төмендейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада жауын-шашынсыз, жолдарда көктайғақ болады, түнде ауа температурасы 25–27 градус аязға дейін төмендейді.

Алматыда тұман түсіп, күндіз ауа температурасы 0–2 градус жылы болады.

Реклама
Реклама

Синоптиктер мәліметінше, 15 қаңтарда солтүстік және шығыс өңірлерде түнде аяз 30–40 градусқа дейін жетеді. Ал оңтүстікте қар түріндегі қалың жауын-шашын күтіледі.

Оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Бірқатар облыстарда боран, тұман және көктайғақ күтіледі. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда қатты аяз сақталып, кей жерлерде желдің екпіні күшейеді.

Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақ болуға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама