25 қыркүйек 2024 | 16:46

Аяз, найзағай, бұршақ: Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана, Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана, Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

26 қыркүйекте Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні түнде 2-7, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы.

Реклама
Реклама

27 қыркүйекте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел екпіні секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 12-14 градус жылы.

28 қыркүйекте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел екпіні түнде секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 17-19 градус жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

26 қыркүйекте Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде нөсер жауады деп болжанған. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, күндіз екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 13-15 градус жылы.

27 қыркүйекте көшпелі бұлтты, жаңбыр, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ. Солтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады, күндіз екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 12-14 градус жылы.

28 қыркүйекте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная