Айбек Дәдебай Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды

Нұрила Достарқызы Корреспондент
Айбек Дәдебай Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды Фото: Ақорда

Айбек Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Президент Әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Айбек Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Президент Әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды", - делінген құжатта.

Айбек Дәдебаев 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.

Жарнама
Жарнама

2001-2002 жылдары Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық туризм менеджменті кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеген.

2008-2011 жылдар аралығында парламенті сенаты аппаратының парламентаралық байланыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, сенат төрағасының көмекшісі міндетін атқарушы болған.

2011-2013 жылдар аралығында атташе, Женевада Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің үшінші хатшысы болған.

Одан кейін алты жыл парламент сенаты төрағасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі лауазымдарын атқарған.

2019-2021 жылдар аралығында Президент кеңсесі бастығының орынбасары болды.

2021 жылғы 28 мамырдан бастап 2022 жылғы 11 қаңтарға дейін Президент іс басқарушысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Ал 2024 жылғы 6 ақпанда Президент Әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама