28 қаңтар 2022 | 19:18

Айдын Қабдолдинов СҚО полиция бастығы болып тағайындалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Айдын Қабдолдинов Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Айдын Қабдолдинов Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Айдын Қабдолдинов Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

СҚО Ішкі істер органдарының жеке құрамына жаңа басшыны министр Ерлан Тұрғымбаев пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов таныстырды.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментін басқарған Марат Төлебаев Нұр-Сұлтан ПД бастығы болып тағайындалды.

Айдын Қабдолдинов 1977 жылы 6 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Алексеевка ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1998 жылы ІІМ Алматы заң институтын "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Ішкі істер органдарында 1994 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет етіп келе жатыр. Орта және аға басшы құрамның әртүрлі лауазымдарын атқарды.

С февраля 2020 года занимал пост заместителя начальника Департамента полиции Алматы. Ранее был начальником управления собственной безопасности полиции Алматы.

2020 жылдың ақпанынан бастап Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды. Бұған дейін Алматы полициясы өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная