26 желтоқсан 2019 | 18:29

Әйел адамды құтқарған алматылықтың айыппұлдары кешіріледі

Естен танып қалған әйелді дереу ауруханаға жеткізген алматылық жүргізушінің айыппұлдары кешіріледі. Ол медициналық мекемеге барар жолда жол қозғалысы ережесін бұзған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Естен танып қалған әйелді дереу ауруханаға жеткізген алматылық жүргізушінің айыппұлдары кешіріледі. Ол медициналық мекемеге барар жолда жол қозғалысы ережесін бұзған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ауруханаға жылдам жеткізу кезінде түсірілген видеоны авторы Facebook желісінде жариялады, алайда ол есімін жасырын ұстауды шешкен. 17 желтоқсанда ер адам Орбита ықшамауданына бара жатып, жол бойында өзін жайсыз сезінген әйелді байқап қалған. Жүргізуші дереу тоқтап, көмекке асыққан. 

Реклама
Реклама

"Мұстафин көшесінің оң жағында тротуарда тұрған әйелдің құлағанын көріп қалдым. Ер адам оны ұстап тұруға тырысып бақты, шама жетпеген соң асфальтқа жақызды, Бірақ қалайда көтеріп алды. Мен оған жақындап, 12-қалалық ауруханаға жеткізуді ұсындым. Есінен танып қалған ересек адамды көлікке отырғызу қиын. Жол Сайын арқылы, Жандосов арқылы және одан әрі артқы ауладан 12-ауруханаға, қабылдау бөліміне келіп жеттік", - деп жазады ол.

Жол бойында жүргізуші патрульдік көлікті байқап, көмек сұрады. Полиция қызметкерлері көлікті ауруханаға жеткізді. Олар бірге бірнеше жол қозғалысы ережелерін бұзды, қарсы жолға шығып, жылдамдықты арттырды.

"Ешқандай артық сұрақ қоймады - бірден қолдау көрсетті. Полицияға рақмет! Жоқ, батареяны зарядтау емес, барлығы шынайы. Полиция қабылдау бөліміне дейін ілесіп жүруді қамтамасыз етті", - деді ол.

Сонымен қатар, Алматы полициясы департаментінде осы деректі растады. Баспасөз қызметінің өкілдері патрульдік көлікте полиция капитаны Алмаз Бәкіров, полиция капитаны Макс Ли және полиция аға лейтенанты Алмат Байжұмаш болғанын айтты. 

"Камералар айыппұл жазып алады, бірақ содан кейін ер адам полиция инспекторы сияқты арыз жазады және осы арыз негізінде айыппұл заңды түрде алынады", - деді Алматы ПД баспасөз қызметінің өкілдері.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram