ПОДЕЛИТЬСЯ
03 желтоқсан 2020 | 09:26
Әйелі коронавирустан қайтыс болған. 5 баланың әкесі АӘК-тің 10 есе қысқарғанына шағымданды
Коронавирус салдарынан әйелінен айырылған көпбалалы әке атаулы әлеуметтік көмектің қысқарғанына шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Коронавирус салдарынан әйелінен айырылған көпбалалы әке атаулы әлеуметтік көмектің қысқарғанына шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысы Есік қаласының тұрғыны Асқар Омаров бес баланы өзі тәрбиелеп отыр. Әйелі осы шілдеде коронавирустан қайтыс болған. Жақында ер адамға атаулы әлеуметтік көмек 10 есеге қысқаратыны хабарланған.
"138 мың теңге болатын, қазір 11 мың теңге болды. Олар мұны зейнетақы мен балалар жәрдемақысын алатындығыммен түсіндірді. Онда жалпы 100 мың теңгеден аса ақша шығады. Егер сіз бәріне бөлсеңіз, онда бұл сома жеткілікті дейді. Бірақ мен олай ойламаймын. Қазір жұмыс істемеймін. Себебі кенже балам бес айлық, үлкені тоғыз және жеті жаста, егіз бес жаста. Қысқа көмір мен отын сатып алып қойдым. Балаларыма қарап, оларды тамақтандырып, мектебіне апарып жүрмін", - дейді көпбалалы әке.
Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі көпбалалы әкеге 1 қазаннан 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін көмек беру ұзартылғанын айтты. Алайда оларға көмек ретінде 11 160 теңге белгілеген екен.
"III тоқсандағы табыс: Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуына және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы - 175 420 теңге. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы - 155 876 теңге. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы - 75 824 теңге.
Отбасының тоқсан ішіндегі жалпы табысы - 407 120 теңге, үш айға бөлеміз, сонда 135 706 теңге болады. Отбасы мүшелерінің санына бөлсек 22 617 теңге шығады. Кедейлік шегінің мөлшері - 24 476 теңге минус 22 617 отбасының әрбір мүшесіне 1859 теңгеден келеді. Осылайша, 1859 теңгені отбасы мүшелерінің санына көбейтеміз, яғни алтыға көбейтеміз, сонда IV тоқсанға 11 154 теңге тағайындалды", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также