ПОДЕЛИТЬСЯ
15 мамыр 2024 | 11:51
Әйелі зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеген қазақстандық дипломаттың ісі туралы айтылды
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха БАӘ-дегі Қазақстан елшілігі кеңесшісінің әйелі Карина Мамаштың мәлімдемесіне қатысты оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Игорь Лепеханың айтуынша, қинау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Оған қатысты (елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаш – еск.) айта алмаймын, қазір қайда екенін. Онда, біріншіден, сараптама қорытындысы бойынша материалдар сараптамаға жіберіледі, шешім қабылданады. Сараптама нәтижелерін қарау керек, жауап алу, сауалнама жүргізу, процессуалдық әрекеттер жүріп жатыр", - деді министрдің орынбасары.
Еске салайық, бұған дейін "НеМолчи.kz" қорының парақшасында БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаш әйелін тұрақты түрде ұрып-соққаны туралы ақпарат шыққан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также