ПОДЕЛИТЬСЯ
25 ақпан 2021 | 12:42
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық: Тоқаев мәселені шешуді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау үшін арнайы жасақ құрамын қалпына келтіруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау үшін арнайы жасақ құрамын қалпына келтіруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық маңызды әлеуметтік проблема. Жыл сайын елімізде әйелдерге қарсы 2,5 мыңнан аса қылмыс тіркеледі. Оның ішінде өліммен аяқталғаны бар. Зорлық-зомбылық салдары әйелдердің қоғамға араласуына және отбасы институтына теріс әсер етеді. Бұл өзекті мәселені мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп қана шешуге болады", - деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында.
Ол бұл іс бойынша маңызды рөл ІІМ-нің әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі 1999 жылы құрылған арнайы бөлімшелеріне жүктелгенін айтты.
"Олар полицияның азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесуінде тиімді буын болуы керек. Алайда оларда штат саны қысқарды, оның ішінде отбасылық зорлық-зомбылық дерегі жиі тіркелетін аймақтарда да. Бұл мәселені әлеуметтанушы Гүлмира Илеуова Ұлттық кеңес алаңында көтерді. Ішкі істер министрлігіне әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау үшін арнайы жасақ құрамын қалпына келтіруді тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Тоқаев құқық қорғаушы Айгүл Орынбектің бастамасы туралы да айтты. Ол әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстары бойынша әйел тергеушілерді мамандандыруды ұсынған.
"Бұл жәбірленушілерге біржақты көзқарасты болдырмауға мүмкіндік береді. Рахым Ошақбаевпен ("Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры. - ескерту.) өзге заңгерлер мен қоғам қайраткерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны заң жүзінде қатаңдату туралы өтініш-хатын берді. Бұл бастама кеңінен талқылануы керек. Біз тиісті шараларды заңнамалық түрде қабылдауымыз мүмкін", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также