09 желтоқсан 2020 | 13:15

Айғайлады және жұдырықпен үстелді ұрды. Алматы облысында бас дәрігер жазаланды

Алматы облысында Талғар орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітовтің үстіне жазылған шағымнан кейін тексеріс жүргізілді. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер бас дәрігерге қатысты тексеру қорытындысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында Талғар орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітовтің үстіне жазылған шағымнан кейін тексеріс жүргізілді. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер бас дәрігерге қатысты тексеру қорытындысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Талғар ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері тұрғындармен кездесу өткізген болатын, онда бір адам дәрігерге дәрімен қамтамасыз етуге байланысты сұрақ қойған соң, бас дәрігер жауап ретінде айғайлап, қолымен үстелді ұрады. Кейін кездесу өтіп жатқан жерден шығып кетеді.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НОВОСТИ / СОБЫТИЯ / МЕДИА (@kazakhstan.media)

Бас дәрігердің этикалық нормалары мен кәсіби мінез-құлқын сақтау мәселесін қарау туралы комиссия құрылды. Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы оның нәтижелерін бөлісті.

"Тексеру барысында аталған медициналық ұйымның басшысына қатысты "қатаң сөгіс" түрінде тәртіптік шара қабылдау туралы шешім шығарылды", - деді ведомстводағылар.

Бұған дейін оқиғаның видеосы Желіде тараған болатын. Осыдан кейін блогерлер мен қоғам қайраткерлері бас дәрігер Нұрлан Құлсейітовпен кездесу үшін Талғардың орталық аудандық ауруханасына барды. Блогерлер ауруханаға кірді, бірақ бас дәрігердің кабинеті орналасқан әкімшілік аумағына жете алмады. Күзетшілер оларды кіргізуден үзілді-кесілді бас тартты. Жағдай төбелеске жете жаздады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная