22 қазан 2018 | 21:04

Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет Басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Айгүл Сайфоллақызы Құспан Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Айгүл Құспан Бельгиядағы елші болып 22 мамырда тағайындалған еді. Бұған дейін ол ҚР Сыртқы істер министрлігінің Еуропадағы департамент директоры қызметін атқарған еді. Ол 1997 жылдан бері дипломатиялық қызметте жүр. 

19 қазанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельде Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы қарым-өатынас талқыланды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная