ПОДЕЛИТЬСЯ
07 маусым 2022 | 11:36
Аймағамбетов БҒМ-ды бөлуге қатысты пікір білдірді
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрлікті екі ведомствоға бөлу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрлікті екі ведомствоға бөлу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір бұл шешімді өте тиімді жүзеге асыру міндеті тұр, өйткені білім мен ғылым жүйесінің тиімділігі - ең басты дүние. Біз қажетті жұмыстарды атқарамыз", - деді министр.
Оның айтуынша, министрлікті бөлу туралы шешім қазірдің өзінде қабылданған.
"Шешімді бәріңіз естідіңіздер. Шешім бар, айтылды, тиісті түрде қабылданды. Енді осы шешімнің орындалуын ойластыру керек. Білім беру жүйесі осыдан пайда көруі керек. Сондықтан, қазір жұмыс істейміз және жұмыс істеп жатырмыз.
Тиісті шешімді кім қабылдайтынын нақты реттейтін заңнама бар (министрлікті бөлу процесі туралы - еск.). Бұл ретте Үкімет деңгейінде және ел басшылығы деңгейінде министрліктерді құрудың құрылымы, нақты жобасы туралы шешім қабылданады. Сондықтан тиісті деңгейде шешім қабылданып, мұның бәрі одан әрі жұртшылық назарына жеткізіледі деп ойлаймын", - деп қосты Білім және ғылым министрлігінің басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған сессияда сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынды.
"Елдегі ғылыми қызметті үйлестіруді күшейту үшін тиісті министрлікті екі ведомствоға бөлу керек деп есептеймін, оның бірі жоғары білім және ғылым мәселелерімен айналысады", - деді Тоқаев 1 маусымда.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также