ПОДЕЛИТЬСЯ
09 шілде 2019 | 13:09
Аймақтарда бірнеше полицей жемқорлық қылмысы үшін сотталды
Ішкі істер органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ішкі істер органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап.
Мәселен, өткен аптада республика өңірлерінде әр түрлі қызмет атқарған полиция қызметкерлеріне қатысты айыптау үкімі шықты.
"Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының үкімімен жол-патрульдік полиция полкі рота командирі полиция майоры М. Каскин жалпы қамқорлығы мен жүк автокөліктерінің кедергісіз жүріп өтуі үшін жеке тұлғадан пара алған.
Қостанай қаласының № 2 сотының үкімімен билікті асыра пайдалану және бағынышты қызметкерлерден жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактілері бойынша 15 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Осы сотпен жеңгетайлықпен айналысқан адамдардың қылмыстық әрекетіне қамқорлық көрсету арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін облыстық полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі полиция майоры М. Ерболұлы және полиция капитаны А. Сақтов 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Өскемен қаласының № 2 сотының үкімімен Үлбі полиция бөлімінің аға тергеушісі Д. Алқанов 7,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Аталған адамдар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ полиция офицерлерінің арнаулы атақтарынан айырылған.
Айыппұлға сотталғандарға сот оларды төлеу үшін әр түрлі мерзімдерді белгіледі және айыппұл төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылатыны түсіндірілді.
Показать комментарии
Читайте также