ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қыркүйек 2020 | 07:12
"Айтқанымнан қайтпаймын". Қуат Хамитов тағы мәлімдеме жасады
Қазақстандық файтер Қуат Хамитов тағы мәлімдеме жасады. Ол айтқан сөзінен таймайтынын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық файтер Қуат Хамитов тағы мәлімдеме жасады. Ол айтқан сөзінен таймайтынын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қуат Хамитов Instagram желісінде жаттығудан кейін видео жариялап, келесі кездесуі Мәскеуде 25 қыркүйекте өтетінін айтты. Сондай-ақ ол өзін қолдаған қазақстандықтарға алғыс білдірді.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от ★★★??????★★★ (@kuat__khamitov) 15 Сен 2020 в 6:56 PDT
"Менің айтқандарыма келетін болсақ, ешкімді ұрудың, ешкімге оқ атудың қажеті жоқ. Дені дұрыс адамдар қалжың ретінде айтылғанның бәрін біледі және түсінеді. Айтқанымнан бас тартпаймын, мәні солай қала береді. Дезинфекцияны біз қалағандай етіп жасайтынына әлі де күмәнім бар. Сондықтан айтқанымнан қайтпаймын, тек мұны терроризм, эсктремизм деп ойлағандар да бар екен. Бірақ бәрі жалған, менің тарапымнан ешқандай экстремизм жоқ. Мен халықпен біргемін, әрдайым бетбітшілік болғанын қалаймын", - деді Қуат Хамитов.
Еске салайық, 14 қыркүйекте Қуат Хамитовтың видеосы үшін полицияға жеткізілгені хабарланған болатын. Айта кетейік, Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде Қуат Хамитовтың билік өкілдерінің талабына мойынсынбауға шақырған видеосы таралған еді.
Полицияға жеткізілген Қуат Хамитов Желіде жазба жариялады
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз қазақстандық Қуат Хамитовтың әрекетіне қатысты пікір білдірді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также