02 қыркүйек 2015 10:39

Айымбетов "Байқоңыр" айлағынан ғарышқа аттанды

© "Роскосмос"

Астана уақыты бойынша 2 қыркүйек күні сағат 10.38-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-ФГ" тасымалдаушы зымыраны "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесімен және жаңа экипажымен ұшты. Экипажда қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсон бар, - деп хабарлайды Tengrinews.tv. Айымбетов ғарышқа екінші бортинженер ретінде аттанды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram