15 желтоқсан 2023 | 10:00

Айыппұл және бас бостандығынан айыру: ІІМ тәртіпбұзушылар туралы хабарлауды сұрады

Фото ©️ Tengrinews.kz

ІІМ қазақстандықтардан шыршаны заңсыз кесу деректері туралы хабарлауды сұрады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ қазақстандықтардан шыршаны заңсыз кесу деректері туралы хабарлауды сұрады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесудің алдын алу – полицияның жаңа жыл қарсаңындағы міндеттерінің бірі. Мәселен, 15 желтоқсаннан бастап ІІМ экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Шырша" акциясын бастады.

Акция барысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері орман алқаптары бойынша рейдтер жүргізеді. Оларға орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының өкілдері де қатысады.

Реклама
Реклама

"Полицейлер ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Осы салада табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 50 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Егер құқыққа қайшы әрекеттермен елеулі залал келтірілсе, онда бұл жағдайда 160 АЕК-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, егер шыршаларды немесе басқа қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз сатудың немесе тасымалдаудың куәсі болсаңыз, тәртіп сақшылары бұл туралы "102" телефоны арқылы хабарлауды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная