“Айыппұл жазасыңдар“: желіге тағы бір полиция бастығының аудиожазбасы тарап кетті

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы жергілікті полиция қызметі бастығының полиция қызметкерлеріне берген "бұйрығы" делінген аудиожазба таралып жатыр. Онда "ескерту жазбайсыңдар, айыппұл жазасыңдар" деген сөздер айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы жергілікті полиция қызметі бастығының полиция қызметкерлеріне берген "бұйрығы" делінген аудиожазба таралып жатыр. Онда "ескерту жазбайсыңдар, айыппұл жазасыңдар" деген сөздер айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Telegram-арналардың бірінде жарияланған аудиожазбада ер адам полиция қызметкерлеріне "ескерту жазбайсыңдар, айыппұл жазасыңдар" деп айтқаны естіледі.

Аталған жағдайға Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Реклама
Реклама

"Жарияланған жазбада көрсетілген уәждер тексеріліп жатыр. Барлық мән-жайлар анықталады. Полиция қызметкерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында да жоғары лауазымды полицейдің дауысы бар делінген аудиожазба тарағаны туралы жазған болатынбыз. Таратушылар бұл жазба аудандық ЖПҚ бөлімінің бастығына тиесілі екенін мәлімдеген. Хабарламада оның қол астындағылардан құқықбұзушылықтарды, әсіресе, 440-бап ("Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру") және 434-бап ("Ұсақ бұзақылық") бойынша анықтауды күшейтуді талап еткені айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама