04 қараша 2016 21:17

Айыппұлы бар жүргізушілер Алматыдан шығарылмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ustinka.kz © ustinka.kz

Енді жол ережесін бұзып айыппұл төлеуден қашып жүргендер Алматыдан аттап басып шығуға тыйым салынуы мүмкін, - деп хабарлайды КТК арансы. 


Енді жол ережесін бұзып айыппұл төлеуден қашып жүргендер Алматыдан аттап басып шығуға тыйым салынуы мүмкін, - деп хабарлайды КТК арансы. 

Алматыда жол ережесін бұзғандарға салынған айыппұлдың көлемі 11 миллиард теңгеге жеткен. Шенеуніктердің айтуынша, бұл ақшаға көп қабатты 20 тұрғын үй салуға болады екен. Сондықтан жергілікті бюджетке түсімді арттыру үшін әкімдіктің айыппұлды күштеп өндіруден басқа амалы жоқ. Бір айта кетерлігі мұндай қатаң тәртіп берешегі бар жүргізушілердің барлығына қолданылмайды. Тек, ереже бұзып, айлап жылдан жалтарып жүргендерге ғана. Олар қарызын төлемейінше қаладан шыға алмайды. Ал көлігі айып тұрағына қамалады.

"Қалаға кіретін шығатын жолдарды қатаң қадағалаймыз. Сондықтан бейнебақылау камераларын көбейтіп, тағы 150-ден астам тас жолда бақылауды күшейткелі отырмыз", - деді "Алматы қаласын Дамыту орталығы" басқармасының төрайымы Жанна Төлегенова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети