22 желтоқсан 2020 13:44

Айзат Молдағасымова Алматыдағы емханалардың бірін басқаратын болды

Фото: almaty.gov.kz

Айзат Молдағасымова тағы да жаңа басшылық лауазымға ие болды. Алматының бұрынғы бас санитар дәрігері енді қалалық емханалардың бірін басқарады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айзат Молдағасымова тағы да жаңа басшылық лауазымға ие болды. Алматының бұрынғы бас санитар дәрігері енді қалалық емханалардың бірін басқарады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда Молдағасымова Алматыдағы №27 қалалық емхананың бас дәрігері қызметінде. Бұл мәлімет медициналық мекеменің сайтында пайда болды. Алайда Айзат Молдағасымова бұл лауазымға қашан тағайындалғаны айтылмады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, мұның алдында Молдағасымова Жұматов атындағы  Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы директоры қызметінен босатылған болатын. Мұнда ол 2020 жылдың маусымынан қыркүйекке дейін жұмыс істеген едіі. Оның жұмыстан босатылуына медициналық мекеме қызметкерлерінің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұжымдық өтініші себеп болды. 

Айзат Молдағасымова 1971 жылы дүниеге келген. Мамандығы - гигиенашы және заңгер. Еңбек жолын 1995 жылы Алматы санэпидстанциясының санитарлық дәрігері қызметінен бастады. Әр жылдары Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің басқармалары мен департаменттерінде басшылық қызметтерді атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram