21 қыркүйек 2020 | 18:07

Айзат Молдағасымова тағы жұмыссыз қалды

Айзат Молдағасымова

Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ұлттық орталығының басшысы Айзат Молдағасымова сынақ мерзімінен өте алмауына байланысты қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ұлттық орталығының басшысы Айзат Молдағасымова сынақ мерзімінен өте алмауына байланысты қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2020 жылдың 3 маусымында Айзат Молдағасымова Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ұлттық орталығының директоры қызметіне тағайындалған еді. 1 шілдеден қыркүйектің ортасына дейін Айзат Молдағасымова үш айға жуық еңбекке уақытша жарамсыз болып саналды.

Осы жылдың 14 қыркүйегінде Еңбек кодексіне сәйкес сынақ мерзімі кезінде жұмыстың теріс нәтижесіне байланысты онымен еңбек шарты бұзылды. Ол сынақ мерзімінен өтпеді. Осыған байланысты ол 14 қыркүйектегі бұйрықпен жұмыстан шығарылды", - делінген Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz тілшісіне.

Реклама
Реклама

Молдағасымова және дәрігерлердің жаппай COVID-19 жұқтыру ісі: тергеу қорытындысы шықты

Айта кетейік, осыған дейін Айзат Молдағасымова Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы қызметін атқарған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная